Мобильді құрылғы өндірушілері соңғы жылдары жаңа смартфондарда 3.5 мм жалғағыштан бас тартуда, сол арқылы қолданушыларды архаикалық сымды құлаққаптардан бас тартуға шақырып жатыр. Сымсыз құлаққаптардың нарқы жылдам өсіп келеді және 2017 жылы зор серпіліс болды. Бұл әсіресе АҚШ нарығында байқалды. NPD Group компаниясының дерегіне сәйкес, сымсыз құлаққаптар сегменті 2016 жылға қарағанда 2017 жылы 18%-ға өскен, жалпы саны 1 миллионнан астам құрылғы сатылған. Сенсорлы басқару, дыбыс көмекшісі және жылдам синхрондау сымсыз құлаққаптардың басты үстемдігі болды. Содан кейін, әлбетте, сымдардың мүлде болмауы бұл сегментке деген сұранысты арттырды. Қазан айының басында Қазақстан нарығында Huawei компаниясының сымсыз құлаққаптары сатылымға шығады. Freebuds халықаралық технологиялық компания шығарған сымсыз құлаққаптардың алғашқы буыны. Компания жылдан жылға өз құрылғыларының ассортиментін кеңейтіп, өз гаджеттеріне соңғы инновацияларды енгізіп келеді. Жаңа құрылғының қолданушылар назарын аудартатын, қазақстандық сымсыз құлаққаптар нарығында өз бағасын алуға лайық өз артықшылықтары бар. Себебі қазіргі біздің нарықта еуропалық немесе америкалық нарықтағыдай бәсеке жоқ. Біріншіден, Huawei FreeBuds құлаққаптың және док-станцияның сәнді дизайны. Док-станция құлаққаптардың смартфонмен алғашқы синхронын жасайды, кейін оның қуатталуын қамтамасыз етеді. Екіншіден бұл шудан оқшаулайтын қабілет пен сенсорлы басқару. Сол арқылы сіз кез келген жағдайда смартфонды қолданбастан музыкадан ләззат ала аласыз. Сондай-ақ, қоңырауға жауап беріп, дыбыс көмекшісін қолдануға болады. Осы функцияларды қолдану үшін құлаққапты екі рет басу жеткілікті. Үшіншіден, Huawei FreeBuds IP X5 стандарты бойынша судан қорғай алатын қабілеті бар бірден-бір сымсыз құлаққап. Оны сіз жауынды күні немесе белсенді физикалық жаттығу жасау кезінде еркін қолдана бересіз. Кез келген электр құрылғыларының маңызды параметрі саналатын автономдылығын атап өту керек. Huawei FreeBuds құлаққаптары 1 рет қуаттағаннан үздіксіз музыка тыңдағанда 3 сағатқа дейін және 10 сағатқа дейін жұмыс істей береді. Яғни док-станцияның қуаты арқылы күні бойы жұмыс істейді. Атап өтер маңызды нәрсе құлаққап жылдам қуаттау функциясына ие: 15 минут қуатталған құлаққап 1,5 сағат бойы жұмыс істей береді. Huawei FreeBuds сымсыз құлаққаптары бұл күнделікті тұрмыста, демалыс және спортпен шұғылданғанда жайлылық пен ыңғайлықты қалайтындарға арналған қолайлы және сәнді девайс. Cеріктес мақаласы