Huawei Ascend P7 - ең жұқа әрі стильді смартфон

Парижде өткен арнайы іс-шара барысында Қытайдың Huawei компаниясы Ascend P7 аталатын жаңа смартфонын көпшілік назарына ұсынды.

Сыртқы келбеті жағынан жаңа өнім Ascend P6 туысына ұқсас болып жасалынған екен. Айырмашылығы – артқы панеліне шыны материалы (Gorilla Glass) қосылған. Ал аппараттық қамтамасыз етілу жағынан смартфон едәуір жақсарған.  

Флагман 6,5 миллиметр болатын профильге ие, ал салмағы 124 грамды құрайды.

Құрылғының экраны ретінде соңғы кезде Android смартфондарына стандарт есебінде қолданылатын бес дюймды, ал мүмкіндігі 1920-ға 1080 нүкте болатын (тығыздығы 445 ppi) LCD-панель орнатылған.

Гаджетті төрт ядролы HiSilicon Kirin 910T (@ 1,8 ГГц) процессоры басқарса, операциондық жүйе ретінде Emotion UI 2.3 жеке қабықшасы бар Android 4.4.2 KitKat орнатылған. Смартфонның операвтивті жады 2 ГБ құраса, флеш жады 16 ГБ болады (оны microSD картасымен ұлғайтуға да әбден болады).  

Huawei Ascend P7 смартфонының басқа да мінездемелеріне тоқталайық:

Негізгі камерасы 13 МП құрап, бес бірдей линзамен жабдықталған. Диафрагмасы F2.0 құрайды.  

Фронтальды камерасы да осал емес -  бес линзалы 5 МП.

Ал аккумулятор сыйымдылығы 2500 мА/сағ құрайды (14 сағат бойына сөйлесуге мүмкіндік береді)

WiFi, Bluetooth 4.0, GPS, NFC, LTE (150 мегабит/с) сымсыз байланыс технологияларымен жабдықталған.

Huawei Ascend P7 смартфоны 626 доллар тұрады. Гаджет ақ, қара және қызғылт түстерде сатылымға шықпақ.

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: phonearena.com