Huawei Ascend P6 S смартфоны ресми түрде таныстырылды

Huawei компаниясы ешкімді дүрліктірмей-ақ жаңа Huawei Ascend P6 S смартфонын көпшілік назарына ұсынды. Аты айтып тұрғандай, жаңа өнім өзінің алдыңғы буыны, стильді және жұқа Huawei Ascend P6 аппаратының жаңартылған нұсқасы болып табылады.

Девайстың басты ерекшелігі – 1,6 ГГц жиілікте жұмыс жасайтын төрт ядролы процессормен жабдықталуы (бұрынғы нұсқада ол 1,5 ГГц жиілікті құраған еді). Өкінішке орай, ол алдыңғы смартфондағы сияқты LTE байланысын қолдамайды. Басқа ауыз толтырып айтатындай, жаңа смартфонда өзгеріс жоқ. Аппарат бұрынғыдай 4,7 дюймды, HD (1280х720 пиксельді) дисплеймен, 2 ГБ оперативті жадпен және 5 мегапиксель болатын негізгі және 2 мегапиксельлді фронтальды камералармен жабдықталған. Сондай-ақ бұрынғыдай 2 SIM-картаны қабылдау мүмкіндігіне ие.  

Смартфон қуат көзін көлемі 2000мА/сағ болатын аккумулятордан алады. Ескерте кетейік, аппараттың 16 ГБ нұсқасы жадты ұлғайту картасын қабылдамайды. Huawei Ascend P6 S смартфоны Emotion UI 2.0 интерфейсімен бірге Android 4.2 Jelly Bean операциондық жүйесімен жұмыс жасайды. Жаңа гаджет қазірдің өзінде отандық (Қытайда) қолданушылар үшін сатылымға түсіп үлгерді. Ол Huawei онлайн-дүкенінде 446 доллар бағамен сатылуда.  

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

Сурет: gsmarena.com