- Негізгі бет
- Шолу
- Huawei A199 —...
Huawei A199 — 5-дюймды екі SIM-карталы смартфон
Huawei кезекті смарфонымен таныстырды. A199 индексіне ие болған жаңа өнім Қытайдың China Telecom операторының абоненттеріне арналған екен. Ол 5-дюймды және 1280*720 нүктелі экранға ие.
Смартфон Android 4.1 Jelly Bean операциондық жүйесі негізінде жұмыс атқарады. Құрылғыда жұмыс жиілігі 1,5 ГГц болатын төрт ядролы процессор орнатылған. 2 ГБ оперативті жады да бар.
Huawei A199 екі бірдей SIM-картаны қолдай алады. Флеш-жады 8 ГБ құрайды және ол microSD картасы есебінен ұлғаяды. Сондай-ақ 1,3 және 8 Мп болатын екі бірдей камерасы бар. Аккумулятор қуаттылығы 2150 мА/сағ.
Жаңа смартфон нарыққа осы жылдың жаз айында шықпақ. Бағасы әзірге белгісіз күйде қалып отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: engadget.com
Б. Қосмағамбет