Жапон көлік өндірісінде сүбелі жетістікке қол жеткізген Honda компаниясы болашаққа жоспарлаған электрлі көлігін таныстырды. Wander Stand аталған концепт екі адамға арналып жасалған.
Көлік құрылымына келер болсақ, электрокар жүргізушісіз қозғала алады. Сонымен қатар, оны қолмен басқару мүмкіндігі қаралған. Көлік ішіне орналастырылған компьютер ауызша айтылған бұйрықты орындайды. Интерактивті технологияның көмегімен жасалған экранда навигация және басқа да функцияларды орындауға болады.
Бұл көлік жаяу жүргіншілер көп жүретін қала көшелерінде қозғала алмайды. Ол көбіне жасыл аймақтарда, саябақтарда туристерді алып жүруге арнайы дайындалған.
Электр негізінде қозғалатын көліктің өзге де техникалық мүмкіндіктері туралы әзірге еш ақпарат берілмеді. Көліктің сыртқы дизайнына көңіл бөлсек, оның жылдамдығы аса жоғары болмайтынына көз жеткіземіз. Жапон көлік концернінің өкілдері инновациялық концептінің даму жоспарын әзірге құпия күйде қалдырды.