Жапондық Honda Motor компаниясы қауіпсіздік көпшігі жүйесіндегі ақау кесірінен АҚШ пен Канада нарығынан өзінің әр түрлі модельдегі 777 мың көлігін қайтаратынын хабарлады.
Компания таратқан ақпарат бойынша, көлікке орнатылған қауіпсіздік көпшіктерін бекіту кезінде мамандар үлкен қателік жасаған көрінеді. Егер ақау уақытында жөнделмесе, жол-көлік оқиғасына тап болған көлік иесінің ауыр жарақат алу мүмкіндігі жоғары болып қалмақ екен. Ал оларды өздігінен жөндей салу мүмкін емес болғандықтан, Honda бүкіл көлігін зауытқа қайтаруға шешім қабылдап отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: idrive.kz