- Негізгі бет
- Шолу
- HTC Butterfly S...
HTC Butterfly S смартфоны таныстырылды
HTC компаниясы Тайваньда жаңа HTC Butterfly S смартфонын ресми түрде таныстырды. Бұл гаджетті HTC One және HTC Butterfly смартфондарының ең жақсы жақтары жинақталған гибрид деп атасақ болады.
Смартфон 5-дюймды Super LCD 3 технологиясымен жабдықталған Full HD экранына ие. Оның мүмкіндігі 1920 x 1080 пиксельді құрайды. Күштік құрылымына келсек, телефон 4 ядролы, жиілігі CPU 1,9 ГГц болатын SoC Qualcomm Snapdragon 600 процессорымен жабдықталған. Оның бортында 2 ГБ оперативті және 16 ГБ флеш-жады бар. Оны microSD картасының есебінен ұлғайтуға болады. Негізгі камерасы ультрапиксельді және Zoe технологияларын қолдаса, фронтальдысы 2,1-мегапикельді келеді. Смартфон Android Jelly Bean 4.2.2 операциондық жүйесімен жұмыс атқарады. Сондай-ақ онда HTC Sense 5 фирмалық баптаулары бар.
HTC Butterfly S смартфонының ең басты артықшылығы - оның аккумулятор қуатының сыйымдылығы болып отыр. Ол қазіргі смартфондарда сирек кездесетін 3200 мА/сағ қуатқа ие. Сонымен, энергия қоры бойынша ол тіпті Samsung Galaxy Note II және LG Optimus G Pro смартфондарын басып озды. Олардың әрқайсысында 3100 мА/сағ аккумулятор орналасқан.
HTC Butterfly S сатылымға келесі айдан бастап шығады. Оның бастапқы бағасы 766 долларды құрайтын болады. Алдағы күзде смартфон әлемдік нарыққа жол тартады деп күтілуде.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: ixbt.com, trustedreviews.com
Б. Қосмағамбет