HP компаниясы жаңа мониторын ұсынды

Hewlett-Packard, яғни HP АҚШ-тағы ең үлкен компьютер өндіруші компания екендігі белгілі. 1939 жылы іргесі қаланған компания әр жыл немесе ай сайын тұтынушыларына өз өнімдерінің жаңа модельдерін ұсынудан қалыс қалған емес. Осы жолы да әйгілі компания өзінің жаңа монитор моделін ұсынып отыр. Сонымен жаңа модельдің төмендегідей ерекшеліктері мен сипаттары бар:              

Монитор өлшемі 24-дюймдық болса, оның қалыңдығы 11 миллиметр болады. 

Өндіруші компания оған x2401 атын берді. Монитор 1920 да 1080 нүктелі пиксельмен жұмыс жасайды. Жаңа модель сұйықкристалды MVA типті панель негізінде жасалған. 

Статикалық контраст коэффициенті 5000:1, ал динамикалығы - 10 000 000:1. HP x2401 мониторы DisplayPort және HDMI кірмелерімен жабдықталатын болады. Монитор қараша айының 7 жұлдызында сатылымға шығады. Бағасы 250 долларды құрайды.

 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: vk.com