HEMU-430X - Оңтүстік Кореялық экспресс

Оңтүстік Кореяда 430 км/сағ жылдамдықты бағындыра алатын экспрестің жаңа моделі халыққа таныстырылды. Жүйрік поезды (HEMU-430X - Highspeed Electric Multiple Unit 400kmh eXperiment) халыққа таныстыру салтанаты Сеул қаласынан 395 км жердегі Чханвон станциясында өтті. 

Құрастырушылардың айтуынша, жаңа пойыз Франция (575 км/сағ), Қытай (486 км/сағ), Жапониядағы (443 км/сағ) модельдерден кейінгі ең жылдам экспресс.

HEMU-430X экспресін халыққа таныстыру салтанаты

Оңтүстік Кореялық суперэкспресс моторлы екі вагонннан құралған. Оларға жолаушыларға арналған төрт вагон тіркелген.

Алғашқы сынақта пойыз 300 км/сағ жылдамдықты 233 секундта алды.

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/IXf0S6uDvBI&feature","width":"450","height":"256"});

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

суреттер: bigmir.net