- Негізгі бет
- Шолу
- HEMU-430X - Оңтүстік...
HEMU-430X - Оңтүстік Кореялық экспресс
Оңтүстік Кореяда 430 км/сағ жылдамдықты бағындыра алатын экспрестің жаңа моделі халыққа таныстырылды. Жүйрік поезды (HEMU-430X - Highspeed Electric Multiple Unit 400kmh eXperiment) халыққа таныстыру салтанаты Сеул қаласынан 395 км жердегі Чханвон станциясында өтті.
Құрастырушылардың айтуынша, жаңа пойыз Франция (575 км/сағ), Қытай (486 км/сағ), Жапониядағы (443 км/сағ) модельдерден кейінгі ең жылдам экспресс.
HEMU-430X экспресін халыққа таныстыру салтанаты
Оңтүстік Кореялық суперэкспресс моторлы екі вагонннан құралған. Оларға жолаушыларға арналған төрт вагон тіркелген.
Алғашқы сынақта пойыз 300 км/сағ жылдамдықты 233 секундта алды.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
суреттер: bigmir.net