Google өзінің іздегіш жүйесінен франциялық сайттарды алып тастауы мүмкін. Компания бұл шешімге Франция үкіметінің қадамынан кейін барып отыр. Түсіндіре кетейік, бұған дейін аталған ел үкіметі алып ресурсқа франциялық сайттардың ақпаратын пайдаланғандығы үшін салық төлеуді міндеттеуге ниетті екендігін айтқан болатын.
Компания осы тектес проблемаға бұдан бұрын да ұрынған болатын. Естеріңізде болса, Германия басшылығы Гуглдың германиялық медиа ресурстарға салық төлеуі туралы заңды парламентке ұсынған болатын. Неміс шенеуніктерінің айтуынша, бұл жердегі әңгіме қарапайым авторлық құқық туралы болып отыр.
Осы орайда әлемге танымал интернет-іздегіш бұндай қадаммен келісе алмайтындығын айтты. Google бұл пікірін еркін аймақта тұрған материалдарды ғана пайдаланып жүргендігімен байланыстырды.
Газет-журналдардың басшылары болса, интернет бәсекелестіктің өршіп кетуінің себебінен жұмыс жасаудың тым қиындап кеткендігін алға тартуда.
Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан
сурет: kursiv.kz