Google пластикалық карталар жасап шығармақшы

Google корпорациясы Google Wallet сервисі аясында төлем карталарын шығармақшы.

Google Wallet қосымшасы арқылы тұтынушы өзінің барлық төлем карталарының реквизиттерін көрсетіп, оны Google пластикалық картасымен байланыстырып қоя алады. Осылайша қолданушы картаның жоғалып кетуінен сескенбей, оны еркін түрде қалтасына салып жүре алады. Төлем жасау кезінде ақша тұтынушының өзі таңдаған картасынан шешіледі.

Google, сонымен қатар, алаяқтардан сақтану мақсатында тәулік бойы картаны және телефонды құлыптаумен айналысатын орталық ашпақ. Айта кетелік, жаңа карта арқылы NFC технологиясымен жұмыс істейтін терминалдардан төлем жасауға болады.

Сонымен қатар, Google Wallet сервисінің өзі де даму үстінде. Мәселен, жақын арада баланс толтыру, ақша аудару функциялары пайда болады деп күтілуде.

Дайындаған: Еркебұлан Қайрахан

сурет: venturebeat.com