Google $3,2 миллиардқа смарт термостаттар жасайтын Nest компаниясын сатып алды. Бір жағынан Google Apple компаниясының бұрынғы атқарушы директоры Тони Феддел негізін қалаған компанияны сатып алғысы келгені белгілі сияқты. Twitter-де жазылған пікірлер оған айқын дәлел бола алады. Мысалы, инвестор Говард Линдсонның жазғаны: "Google сіздің (Apple) бар затыңызды алғысы келеді".
Бірақ, менің ойымша, Android-тің бұрынғы басшысы Энди Рубиннің үндеуімен Google-дің құлтемір технологиясына ат басын бұра бастағанын осы үдерістен кейін байқауға болады. Google аталған компанияның технология саласы бойынша вице-президенттігіне Юки Мацуокиді (Вашингтон Университетінен, құлтемір құрастырушы және жасанды сана бойынша сарапшы-маман) шақырған. Неге?
2012 жылы Мацуокимен болған сұхбатта ол бұл әрекеттің маңыздылығы неде екенін талдап берген болатын. Ол Nest компаниясында машина мен адам санасының ойлау қабілеті бірге жұмыс істей алатындай мүмкіндік беретін артықшылықты байқағанын айтады. Бұл неврология мен құлтемір технологиясының тоғысуы, яғни, адам, өмірлік ізденісі барысында, миының кез келген әрекетті орындауды үйренуін құлтемір де істей алатынын көрсетеді.
Мацуоки құлтемір технологиясы саласындағы жұмыстарымен бөлісіп, оның Nest-ке қаншалықты қатысы бар екенін айтып өтті. Силиконды алқапта (Silicon Valley) болған саммитте ол бар ойын негіздеп берді. Ол экранға инь-янь суретін қосып, былай деді: "Бұл менің үнемі орала беретін суретім. Инь-янь адам оқуы мен машина оқуының қосындысы, яғни мен зерттеп жатқан аймағы - тоғысу. Машинаға ұқтыруға келмейтін заттар бар. Біз оларды адамдардың білу еркіне беруіміз керек. Себебі олай етпесек адамдар еріне бастап, бейімделмейді. Ал бұл қайта қалпына келу үдерісіне кері әсерін тигізеді. Әрине, егер біз оның артық болғанын қаласақ. Машиналар барлық нәрсені істемеу керек. Бірақ бір уақытта, адамға ауыртпалық түскенде оны бірден аңғара алатын болуға үйренуі тиіс. Ал сосын ненің не екенін түсінгеннен кейін бақылау өз жайымен адамға өтуі тиіс. Міне, біздің негізге алғымыз келгені. Мен неге осы тоғысуға таңданып жүргенімнің өткенін айтайын, себебі ол сіздің қуат үнемдеуіңізге қолқа болады".
Басқаша айтқанда: Nest - криптоқұлтемір технологиясының компаниясы. Сөз ортасы сезгіштік, автоматтандыру мен бақылау. Ол өз бейнесінде адам текті құлтемірді көрсетпейді, дегенмен шынайы өмірде әрекет ете алатын саналы машина болып шығады.
Дайындаған: Жолдас Өрісбаев
Сурет: www.theatlantic.com