- Негізгі бет
- Шолу
- Google+ қалай өркендеп...
Google+ қалай өркендеп келеді?
Google+ әлеуметтік желісінің бір жылдығына орай, компания ресми статистиканы хабарлады. Компания басшыларының айтуынша, қолданушылар саны 250 млн-нан асты, оның 150 млн-ы кем дегенде айына бір рет, 75 млн адам күнде кіріп отырады.
Әрине, Google әлеуметтік желісінің статситикасы компанияның басқа да қызметтерімен тығыз байланыста, сондықтан оны Facebook-пен тікелей салыстыру қиын. Алып іздеуіштің айтуы бойынша, оның уеб-өнімдерінде әр қолданушы кем дегенде бір сағат отырады, Google+ қолданушыларының көп бөлігі қызметке мобильді аппараттар арқылы кіреді. Орташа есеппен 250 млн қолданушының әрқайсысы желіде күніне 12 минуттан отырады.
Мобильді аппарат қолданушыларың сұраныстарына лайықты болу үшін Google I/O кезінде, планшеттерге арналған Google+ қосымша бағдарламасы ұсынылды. «Біздің ойымызша осы уақытқа дейін жасалған жобаның ең жақсысы Google+», - деді Google Vice -тің вице-президенті Вик Гундотра (Vic Gundotra).
Қосымша бағдарлама Android үшін қолжетімді, iOS-қа арналған нұсқа жақында пайда болады. Ол өте қарапайым және ыңғайлы көрінеді, фотосуреттер контенттегі орталық бөлікті алып жатыр, жаңарту ағынының ұйымдастыруы материалдардың мәлімділігіне негізделген.
Дайындаған: Уалихан ҚОСАНБАЙ
Сурет: programblock.com