- Негізгі бет
- Шолу
- Google-да іздеудің сырлары...
Google-да іздеудің сырлары
Ардақты Массагеттіктер! Біздің ұжым сіздердің патша көңілдеріңізден шығуға талпынудан еш шаршаған емес.
Назарларыңызға іздеу сайттарының қасиеттері туралы кейбір қызықтарды ұсынамыз. Кейде ақпарат іздегенде қажетті нәрсеміз бірден табыла бермейді. Осыны ескере отырып, google іздеу машинасының көпшілік арасында танылмаған сырларымен бөлісеміз.
1. Нәтиже тізімінен алып тастау
Іздеу нәтижесінен белгілі бір сөзді алып тастау үшін ''-'' (минус) белгісі пайдаланылады. Яғни, іздеу кезінде белгілі бір сөзі бар сөйлемді қажет етпесеңіз, сол сөзді нәтиже тізімінен алып тастауға болады. Тек ескеретін нәрсе '' белгісін тырнақшамен шатастырып алмау керек. Бұл жерде ' белгісінің екеу екендігін ұмытпаңыз. Мысалы: "футбол казахстан -.ru". Осылайша іздеу нәтижесінен ресей доменіндегі сайттар автоматты түрде түсіп қалады. Немесе ''массагет -тайпа'' деп енгізер болсақ, "массагет" сөзіне байланысты барлық нәтижелер көрсетіліп, "тайпа" сөзін құрайтын нәтижелер автоматты түрде тізімнен шығарылып тасталады.
2. Синонимдер бойынша іздеу
''~қызықты кітап -кітап''
Іздеудің мына формасына назар аударып көріңіз. Бұл жерде "қызықты кітап" тіркесіне қатысты ақпараттар ізделіп отыр. Тек ескеретін нәрсе, "кітап" сөзінің орнына оның басқа синонимдері қолданылған тіркестер мен ақпараттарды алу мақсаты тұр. Іздеу формасынадағы "-кітап" осыны білдіріп тұр.
Мына скриншоттан көріп отырғандарыңыздай табылған ақпараттарда кітап сөзі қолданылмаған.
3. Долбармен іздеу
Егер сіз іздеу кезінде тіркесіңіздің дұрыс-бұрыстығына күмән келтірсеңіз, * символын пайдалана аласыз. Әңгіме түсінікті болуы үшін бірден мысалмен көрсетейік.
* ән
Гуглдың интерфейсіне осы форманы енгізе отырып, ән сөзімен байланысқан барлық тіркестер нәтиже ретінде көрсетіледі:
4. Нұсқа бойынша іздеу
Іздеу кезінде тіркестегі белгілі бір сөзді басқа сөзбен алмастыруға да болатын болса | белгісін пайдалануға болады.
Мысалы:
Көріп отырғандарыңыздай "жақсы ән | өлең" формасын енгізу арқылы "жақсы" сөзімен тіркескен "ән" және "өлең" сөздері бар кездескен барлық ақпарат назарымызға ұсынылады.
Бүгін осымен тоқтаймыз. Алдағы уақытта google іздеу машинасының басқа да сырларын ұсынатын боламыз. Массагеттен көз жазып қалмаңыз.
Жалғасы бар...
сурет: xaxor.com