Google WhatsApp-ты 1 млрд долларға сатып алмақшы

IT саласында жұмыс жасап жатқан көптеген баспасөздер соңғы кезде WhatsApp мессенджерін Google корпорациясының сатып алатындығы жөнінде жарыса жазып жатыр. 

Ол ақпараттар бойынша, Google оны біркездегі Facebook компаниясының Instagram-ды 1 миллиард долларға сатып алғандығы сияқты, дәл осындай сомаға өз иелігіне алмақ көрінеді. 

Digital Trends хабарлауынша, келіссөздер өткен жұма күні басталған. Сондай-ақ, WhatsApp өз компаниясын барынша жоғары бағамен сатуға ниеттеніп отыр екен.  

Жалпы WhatsApp қызметінің сатылатындығы жөніндегі әңгімелер өткен жылы басталды. Ол кезде Google-дан бөлек, Facebook-тың да аты аталған еді. WhatsApp-тың мүмкіндігін мысал ретінде айта кетсек, ол арқылы күніне 18 миллиард хабарлама таратылады екен. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: iphones.ru