Galaxy Win смартфоны ресми түрде таныстырылды

Бүгін Samsung Galaxy Win смартфоны ресми түрде көпшілікке таныстырылды. Аппарат ақ және қара түсті нұсқаларда шығарылған екен. Ол бірінші кезекте Азия және Еуропа нарығына жол тартпақ. Смартфон бір немесе екі SIM-картаны бірдей қолдай алады. Мамандар орта классқа жатқызылған телефон бағасы да қол жетімді болады дегенді айтады.

Сонымен, жаңа корейлік девайс 4,7 дюймды, 800 х 480 нүктелі TFT-дисплейге ие болды. Онда 1,2 ГГц жиіліктегі және Adreno 203 графикасы бар Qualcomm Snapdragon 200 төрт ядролы процессор орнатылған. Оперативті жады 1 ГБ болса, мәліметтерді сақтау жады 8 ГБ. Телефонда 5 мегапиксельді негізгі және 0,3 мегапиксельді фронтальды камералар орнатылған. Аккумулятор қуаты - 2000 мАсағ. Девайстағы процесстерді TouchWiz Nature UX фирмалық интерфейсі бар Android 4.1.2 Jelly Bean ОЖ басқарады. Әзірге телефонның бағасы мен жаппай нарыққа шығатын күні белгісіз болып отыр. 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: gadetblog.ru