- Негізгі бет
- Шолу
- Fruit Ninja ойыны...
Fruit Ninja ойыны біздің шынайы өмірімізде қандай болар еді?
Fruit Ninja ойынының фанаттары дәл осы сұраққа өздерінің жасаған әуесқой видеосында жауап іздеген екен. Бұл роликті қазірдің өзінде 22 миллионнан аса адам көріп үлгеріпті.
Fruit Ninja ойынын Брисбендегі (Аустралия) Halfbrick Studios компаниясының мамандары 2010 жылы 21-шілдеде iPod Touch және iPhone құрылғылары үшін жасап, іске қосқан болатын. Кейін ойынның Android және Windows Phone ОЖ-не (операциондық жүйелеріне) арналған нұсқалары жарық көрді. Соңғы статистикаға қарағанда Fruit Ninja ойыны әлем бойынша әртүрлі ОЖ-де 20 миллион аса рет жүктеліп үлгерген.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: badapps.ru
Б. Қосмағамбет