Қазіргі нарықта сұранысқа ие мобильді экрандар бармақ батырмасын сезу технологиясы бойынша дамып келеді. Биыл Apple компаниясы ұсынған 3D Touch технологиясы әзірге нарықтағы ең соңғы инновациялық өнім болып отыр. Дисплей мүмкіндігін кеңейту мақсатымен еңбектенген Qeexo компаниясы FingerAngle атауына ие жаңа технологияны ұсынды. Аталған технология дисплейдегі бармақтың басу мүмкіндігін көбейте түскен.
FingerAngle өнімінің басты артықшылығы оның әзірге аналогы жоқ алгортимінде болып отыр. Оның көмегімен дисплей экранында осыған дейін екі бармақпен орындалған функцияларды енді бір бармақпен жасауға болады. Төмендегі видео арқылы технологиян мүмкіндіктерімен кеңінен таныса аласыз.
Америкалық стартап компания дайындаған FingerAngle технологиясы әмбебап нұсқада жасалған. Нақтылап өтер болсақ, аталған өнімді белгілі бір мобильді девайсқа бейімдеудің қажеті жоқ. Бағдарлама барлық гаджет дисплейлеріне сай келеді. Құрастырушылар өз өнімінің нарыққа шығарылатын уақытын әзірге мәлімдемеді.