Festo компаниясы бионикалық кенгуруды құрастыру арқылы технологияда үлкен жаңалық ашты. Бионикалық кенгуру секіру кезінде энергия жинап, қайта жүру кезінде сол энергияны үнемдейді.
Жасанды құрылғылардың көмегімен жасалған бионикалық кенгуру пневматикалық және электронды тізбектер арқылы жұмыс жасайды. Ол осы екі тізбек арқылы орталық басқару жүйесін құрады. Бұл ең басты басқару жүйесі болып саналады. Кинематика арқылы секіріп энергия алатын кенгуру кеңістікте өзін тұрақты ұстау үшін, жерге қайта бір қалыпта түсу үшін барынша ойластырылып жасалған.
Құрастырушылар бұл «жасанды» жануарға арнап екі түрлі бағдарлама ұсынып отыр. Олар бірі алыстан бағдарлаушы жүйе арқылы болса, бірі ұялы байланыс жүйесі арқылы байланыс орнату тетігі.
Bionic Kangaroo – Festo ұсынып отырған технологияның ең үлкен жетістігі. Ол Bluetooth арқылы басқарылады. Алыстан бақылау тетігі кенгурудің денесіне арнайы жабыстырғышқа орналастырылған. Бұл тетік арқылы оператор қозғалысты икемге келтіріп, оның секіріп, жүруіне жол ашады.
Кенгуру қалыпты жағдайда тұрған сәтте қос бірдей аяғымен және құйрығымен тұрады. Бұл оның үш бағытты сақтауға арналған жүйесі. Яғни тепе-теңдік және қуат алу үшін.