Әр адамда жақсы демалыс өткізудің өзіндік көзқарасы бар – бірі шытырман оқиға іздесе, енді бірі мәдени дамуды, ал енді біреулері теңіз жағалауында күнге күйгенді жөн көреді. Арман демалыс тек қуаныш қана емес, сондай-ақ, тәжірибе әкелуі қажет.
Туристік бизнес данышпандары арқасында көптеген адамдардың арманы шындыққа ұласа алады. Әңгіме Италияның солтүстігіндегі Маранелло қалашығы жайлы. Нақтырақ айтсақ, беделі жағынан BMW, Mercedes-Benz, Volkswagen, Lexus және Audi секілді алпауыттарды басып озып қана қоймай, Google, Coca-Cola сынды үлкен корпорацияларды да артта қалдырған италиялық компания – Ferrari жайлы. Енді туристер Ferrari зауытына экскурсияға барып, көліктердің қалай құрастырылатынын, ол жердегі қызметкерлердің жұмысын өз көздерімен көре алады.
Италияның солтүстігіндегі Маранелло қаласында Ferrari-дің штаб-пәтері мен зауыты орналасқан. Бұл атақты спорт көліктерінің өздерінің болашақ иелеріне жол тартатын алғашқы жері. Халқы аз кәсіпорында тәртіп пен жоғары технологиялар атмосферасы бой алған.
Мәселен, роботтандырылған цехте адамның еш көмегінсіз қозғалтқыш жинау жұмыстары жүргізіледі. Сондықтан болар, Ferrari көлігін сатып алу кезінде тек қозғалтқышқа ғана төлейсің, ал қалғаны сый ретінде беріледі деп бекер айтылмаған.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: prostointeresno.com, news.rambler.ru