Facebook әлеуметтік желісі меншік иесінің көмегімен жаңа қорғаныш функциясын сынақтан өткізіп жатыр. Егер жүйе күдік тудырса, ол пайдаланушыға өзін сәйкестендіруін, яғни селфи жасап жіберуін сұрайды. Бұл туралыWired хабарлады. Осылайша, есептік жазбаны пайдаланушы сәйкестендіріледі. Селфи сурет жіберілгенненкейін Facebook селфи сурет пен профильдегі суретті салыстырады. Бұл желі пайдаланушылары шоттарының ұрлануын болдырмау үшін жасалған жаңа функция. Естеріңізге сала кетейік, фэйсбук күннен күнге дамып келеді. ЖақындаFacebookкомпаниясы видео түсіру және редакциялау қосымшасын шығарды. Компания видеоблог үшін Facebook Creator қосымшасын ұсынды. Олар бұл арқылы youtube видеохостингіне бәсекелес болуды қалайды. Қосымшаға видеоны өңдеп, рамкалар (жақтау) мен жапсырмаларды (стикер) қосуға болады. Бұдан басқа, фэйсбуктегі Creator-да сіз басқа әлеуметтік желілердегі видеолар туралы жазылған пікірлерді көріп, оларды сол жерден жүктеп салуға болады.