- Негізгі бет
- Шолу
- Facebook компаниясы Face.com-ды...
Facebook компаниясы Face.com-ды сатып алуы мүмкін
Facebook әлеуметтік желісі Face.com компаниясын сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл туралы израильдік Calcalist басылымы хабарлады.
Адамның бет әлпетін тануға арналған технологияның авторы осы Face.com компаниясы екендігін айтып өтелік.
Newsgeek технолоблогындағы мәліметтер бойынша, келісім-шарт құны шамамен 80-100 миллин долларды құрауы мүмкін. Дегенмен Face.com басшысы Джил Хирш бұл туралы сұхбат беруге үзілді-кесілді қарсы болып отыр.
Face.com 2007 жылы Израильде құрылды. 2010 жылы бұл жобаға ресейлік "Яндекс" қаржы бөліп, компанияның 18,4 пайызына ие болды. Осылайша "Яндекс" алғаш рет шет елдік жобаға көңілі ауған еді.
Кейбір мәліметтер бойынша, Facebook компаниясы "Яндекспен" Face.com жобасындағы үлесін сатып алу туралы келіссөздерге кірісіп кеткенге ұқсайды.
Қазіргі таңда бет әлпетті тану технологиясы аталған Facebook, "Одноклассники" желілерінде, "Яндекс.Фотки" фотохостингінде қолданылуда.
сурет: fordycedesign.com