Facebook чаты дыбыстық хабарламалар жіберу мүмкіндігіне ие болды

Facebook чаты дыбыстық хабарламалар жіберу мүмкіндігіне ие болды

Әлемдегі ең үлкен әлеуметтік желі Facebook Android және iOS мессенджерлеріне дыбыстық хабарламалар жіберетін қызметін іске қосты. 

Дыбыстық хабарламаларды жіберу үшін "Facebook Чатын" іске қосып, достар тізімінен керекті адамды тауып, чат терезесін ашып тұрып "Қосу" батырмасын басу керек. Одан соң "Дыбысты жазу" пунктін бассаңыз болғаны, айтылған сөзіңіз чатқа жіберілетін болады.

Дыбыс жазу ұзақтығы бір минутқа тең.

Одан бөлек, Facebook дыбыстық қоңыраулар бағдарламасын да іске қосуды жоспарлап отыр. Әзірге ол iOS қолданушылары үшін ғана және тек Канадада қосылған. Қалған мемлекет қолданушылары бұл қызметке жақын арада қосылатын болады.  

Желтоқсан айында Facebook әлеуметтік желілерде аккаунты жоқ адамдарға да хабарламалар жіберуге мүмкіндік берген еді. Бұл жағдайда оларға тек телефон нөмірі мен есімін қалдырса жеткілікті. Кейбіреулер компанияның бұл қадамын "SMS хабарламаларды алмастыруға бағытталған" деп айтып жатты. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: ipad3.ru

Б. Қосмағамбет