Facebook 2013 жылы өз смартфонын шығаруды жоспарлауда

Facebook 2013 жылы өз смартфонын шығаруды жоспарлауда

Facebook әлеуметтік желісі HTC-мен бірге 2012 жылдың ортасында өз смартфонын шығаруды жоспарлауда, деп хабарлайды Bloomberg.

"Facebook-тің өз телефонын жасау ниеті жайлы алғаш рет 2010 жылы айтыла бастады. Әлеуметтік желі өз мойнына бағдарламалық қамсыздандыруды алып, ал құрылғыларды дайындауды "ұялы телефон шығарушылардың біріне" тапсыратыны харбарланған болатын. Сондай-ақ, жаңа смартфондардың операциялық жүйесі Android негізінде жасалатыны туралы болжам да бар.
Біздің стратегиямыз қарапайым: егер кез келген ұялы телефонға әлеуметтік желі сервистері орнатылса, оның анағұрлым жақсы болатыны сөзсіз. Біз ұялы телефон операторлары, бағдарламалық қамсыздандыру провайдерлері, қосымша жасаушылар секілді ұялы телефон индустриясының түрлі өкілдерімен қызмет істеп келеміз. Бұл көптеген клиентке әлеуметтік желілердің артықшылығын бағалау мүмкіндігін беру үшін жасалған", - дейді Facebook өкілі. 
Айта кетсек, Facebook пен HTC жаңа телефон нұсқасын 2012 жылдың соңында шығаруды жоспарлаған болатын, алайда HTC компаниясы өзінің басқа да өнімдерімен жұмыс істеуіне уақыт беру үшін смартфонның шығу мерзімін кейінге қалдыруға ұйғарды. 
Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков
Сурет: appadvice.com
Ж. FM