Әлеуметтік желілердің баптауы 104 жастағы әжеге өзінің нақты жасын көрсетуге кедергі келтірген.
Facebook әлеуметтік желісі тіркелу кезінде өз жасын дұрыс көрсете алмаған Мичиган штатының тұрғыны 104 жастағы Маргарит Джозевтен кешірім сұрады.
Мәселе Facebook желісінің баптауларында ұзақ өмір сүрген әже өз жасын көрсете алмағандығында болып тұр. 104 жастағы әже өз туылған жылын 1908 жылы деп жазса да, ол бәрібір 1928 жыл болып өзгеріп кете берген. Бір ғасырдан аса өмір сүрген әженің әлеуметтік желідегі жасы 99 жасты көрсетіп тұрған.
Әженің көз көрмейді және құлағы да дұрыс естімейді. Оған әлеуметтік желіде хабарлама жіберіп, хат алмасуға немересі көмектеседі. Facebook-тың басшылығына осы мәселемен арыз түсірген де немересінің өзі екен.
Facebook тез арада қолданушының өтініші бойынша іске кіріскен. Компанияның арнайы өкілі Эндрю Нойз әлеуметтік желіде жөндеу жұмыстары жақында бітіп, мұнан соң 1910 жылдағы барлық қолданушылар өз жасын көрсете алады деп жауап берді. Сонымен қатар, компания өкілі орнаған қателік үшін 104 жастағы кәрі қолданушыдан кешірім сұрады.
Дайындаған: Ақерке Әбілхан
Сурет: facebook