2014 жылы Астанада EXPO-2017 көрмесіне арналған қалашық құрылысы басталады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаровтың хабарлауынша, құрылыс жұмыстары алдағы жылдың сәуір айында бастау алмақ.
«Біз қаланың ең үздік дизайн-жобасы байқауын өткіздік. Оған әлемнің 22 елінен 49 компания қатысса, олардың ішінде 20-сы отандық компаниялар болды. Байқау қорытындысы жарияланғаннан кейін біз нысанның техника-экономикалық жұмыстарына кірісетін боламыз. Аталған жұмыстар ағымдағы жылдың соңына қарай аяқталып қалар деп ойлаймыз. Егер осы жұмыстар жоспарланған уақытта аяқталып жатса, онда EXPO көрмесі болатын аймақтағы құрылысты сәуір айында бастап кетеміз»,-дейді Қаппаров.
Сондай-ақ министр кейбір әкімшілік кедергілерді шешу мен басқа да қиындықтарға байланысты EXPO-2017 көрмесіне арнайы заң қабылдануын да құп көретінін жасырмады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: mln.kz