- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- EVE: электр қозғалтқышты...
EVE: электр қозғалтқышты жарыс болиді
Фраунгофер институтының мамандары EVE деп аталатын толықтай электрмен жүретін жарыс көлігін ұсынды. Шусыз болид сағатына 100 шақырым жылдамдықты бар болғаны 3,6 секундта-ақ еңсере алады. EVE көлігі екі электрқозғалтқышымен жабдықталған: олар әр артқы дөңгелекті қозғалысқа келтіреді. Қуаты 60 кВт құрайтын қозғалтқыш дөңгелектерге минутына 4500 айналым бере алады.
Автокөліктің максималды жылдамдығы сағатына 140 шақырымға дейін жетеді. Сондай-ақ ол 22 шақырымға дейін ешқандай қуатсыз жүре алады. Аккумулятор сыйымдылығы 8 кВтсағ құрайды. Көліктің массасы бар болғаны 300 келі. EVE осыған дейін Италияда өткен Formula Student Electric жарысына қатысып та үлгерген екен. Автокөлік 14 мен 16-мамыр аралығында Нюрнбергте өтетін көрмеде көпшілік назарына ұсынылмақ.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezyaka.com
Б. Қосмағамбет