- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- DriveLAB - зейнеткерлерге...
DriveLAB - зейнеткерлерге арналған көлік
Рөлдегі жасы үлкен кісіні көргенде, бәріміз оны құрметтеп, жол беруге тырысамыз, не болмаса жол жүру мәдениетіне сәйкес, олардың қателіктерін кешіріп отырамыз. Үлкен кісілерге машина тізгінін басқару оңай емес. Жасың ұлғайған сайын көзің көрмей, сыртқы ортаға қайтаратын рефлекстердің жылдамдығы да төмендейді.
Осындай жағдайларға көбінесе зейнеткерлер тап болады. Рөлге отырған зейнеткерлер көп жағдайда жолда келеңсіз жағдайларға кезігетіндіктен, Ұлыбританияның Ньюкасл университетінің "Зияткерлік көлік" командасының бір топ инженерлері бұл жағдайдың шешімін табуды жөн көрді. Олардың жұмыстары мынаған негізделіп отыр: Көліктің ішіне орнатылған электронды құрылғылар онлайн тәртіпте жүргізушінің іс-қимылдарын бақылап отырады.
Көліктің ішіне орнатылған қондырғылар онлайн тәртіпте жүргізушінің есеңгіреу дәрежесін зерттеп, оның жолда өз-өзін ұстауы мен өзгешеліктерін бақылап, белгілі бір жағдайда оған көмекке келеді. DriveLAB атты жобаның басты обьектісі - түрлі сенсорлар мен датчиктерге толы көлік болып табылады. Бұл сенсорлар мен камералар адамның көздерін бақылап, жүйенің биомониторлары жылдам тәртіпте үлкен кісінің есеңгіреу нүктелерін тауып отырады. Жүргізушінің көлікті әрмен қарай жүргізе алмайтынын "түсінетін" жүйе, темір тұлпарды жол жиегіне тежеп қойып, оны қайтадан өзі жүргізе алатын уақытқа дейін күтіп отыру мүмкіндігіне ие.
Зерттеушілер тобының басшысы профессор Фил Байт DriveLAB жүйесін кез келген машинаға орнатуға болатынын айтып отыр. DriveLAB жүйесінің ішінде көмекші құралдар мен навигациялық құрылғылар, түнде көру жүйесі бар.
Егер DriveLAB жүйесі көліктерге орнатылатын болса, жол апаттарының күрт төмендеуі әбден мүмкін. Жүйе бағасы жайлы ешқандай ақпарат берілмеген.
Сурет:3dnews.ru