Жақында инженерлердің бір тобы 18 дюймдық автокөлік дискісіне орнатылған компьютер жасап шығарды. Хромдалған диск көк түспен көмкерілген. Құрастырушылардың сөзінше, процессор диск ішіне әзер орнатылыпты. Ал оның ортасына оптикалық диск жетегі қойылған екен.
Процессор тек қана DVD немесе CD дискілермен ғана емес, сонымен бірге флеш жадтарымен де жұмыс жасай алады.
Диск жерге нық орнатылу үшін оған аяқтар орнатылған. Диск тезірек тозбас үшін оған арнайы тотығуға қарсы сыр мен қоспа жағылған. Сондай-ақ, спиц арасындағы кеңістікті жабуға декоративті тор пайдаланылған.
Компьютерді басқару үшін аркрильден жасалған панель қолданылады. Сондай-ақ, дискте спидометрге де орын табылған. Дайын процессор түріндегі дискті мониторға жалғап, кәдімгі компьютер ретінде пайдалана беруге болады.
Өнімді құрастырушылар диск-процессордың бағасын әзірге жариялаған жоқ.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: gadgetshot.ru