DARPA төртаяқты жаңа LS3 роботының видеосын жариялады

Жоғары технологиялық қорғаныс жобасымен айналысатын DARPA агенттігі өзінің жаңа төртаяқты LS3 роботын сынау барысында түсірілген видеосын жариялады. Сынақ АҚШ-тағы Виргиния штатының ормандарында жүзеге асырылды. Оған дейін инженерлер роботты қала көшелерінде сынап көрген екен. Сынақ барысында робот жүруге қиын жерлерді оңай еңсере алатынын көрсетті. Сондай-ақ ол адамның берген бұйрығына бағынып, тіпті оның соңынан еріп те жүре алады.  

LS3 роботы салмағы 180 килограмм болатын жүкті кез келген жерге тек қана күндіз емес, түнде де жеткізе алады. Одан бөлек LS3 көмегімен рация аккумуляторын және басқа да құрылғыларды қуаттандыруға болады.  

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/hNUeSUXOc-w","width":"450","height":"314"});

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.com