Curiosity Марс бетінен су іздеуге аттанды

Curiosity марсоходы Қызыл планета бетінен су табу мақсатында, Гейла кратерінің бетінен химиялық анализ жасауға үлгі алмақшы. 

Марсоход планета бетіне осыдан бес ай бұрын қонған еді. Сол кезден бері аппарат әр түрлі жұмыстарды атқарып келгені белгілі. Енді солардың ішіндегі ең маңыздысы болып "Марстан су табу" жұмысы болып отыр. Бұл тапсырма бұрынғыларына қарағанда, әлдеқайда күрделірек дейді NASA мамандары. Себебі Марс топырағы Жердікімен салыстыруға келмейді. Оны бұрғылап, одан үлгі алу қиынның қиыны екен.

Curiosity аппараты Қызыл планета бетінде 687 күн жұмыс атқарады деп жоспарланған. Оның ұзындығы 2,8 метр. Салмағы 900 келі тартады. Жалпы бұл аппараттың құны 2,5 миллиард доллар екен. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: theverge.com