Citroen көлігінің жаңа бюджетті моделі

Citroen көлігінің жаңа бюджетті моделі

Citroen компаниясы жақын арада өзінің жаңа бюджетті моделін көпшілік назарына ұсынбақ. Әңгіме ресми таныстырылымы Франкфурт автосалонында болады деп күтілген E3 Essential концептісі жөнінде болғалы тұр.

Жаңа көлік Pure, Simple, Smart сияқты көлік түрлерінің кей тұстары мен Citroen C4 Picasso стилін және Citroen C-Cactus концептісін бойына дарытқан көрінеді. Мамандар автокөлік басқа туыстарындағы сияқты қолданыстағы қозғалтқышты пайдаланады деген болжам айтуда. Citroen E3 Essential моделі әзірге модель күйінде болса да, кей басылымдар оны Ұлыбританияда 13 000 фунтқа (19 700 доллар шамасында) саудаға түсетіндігі жөнінде жазып үлгерді. Осының арқасында ол Skoda Rapid көлігімен толық бәсекелесу мүмкіндігіне ие.  

Citroen E3 Essential компанияның C өкіліне жатқызылмақ. Сондай-ақ ол белгілі Citroen DS моделіне де мүлдем ұқсамайды. «Біз жалпы өндірістік принциптерден арылғымыз келеді. Жаңа С нұсқаларының көпшілік модельдерден ерекше тұстары өте көп. Бұл көліктер бюджетті болғанымен, сапасы жағынан бәсекелестерінен кем түспейді»,-дейді Citroen басшысы Фредерик Банзе.

Сонымен Citroen C автокөліктерінің басты принциптері тартымды дизайн, оптимизм, қолжетімділік, технология, ыңғайлылық мен қолданудың оңайлылығы болмақ.

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: auto.mail.ru

 

 

 

Б. Қосмағамбет