- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Chrysler басшысы концерн...
Chrysler басшысы концерн жоспарларымен бөлісті
Chrysler компаниясының басшысы Серджио Маркионне концернның дайындап жатқан жаңа жобалары туралы әңгімелеп берді. Нақтысын айтсақ, алдымыздағы жылы Chrysler 200 моделі жарық көреді. Автомобильдің габориттері шамамен Audi A4 көлігіне ұқсайды. Chrysler 200 үш түрлі нұсқада (седан, купе, кабриолет) көпшілікке жол тартатын болады.
Жаңа көлік 4 және 6 цилиндрлі қозғалтқышпен жабдылған. Сонымен қатар автоны толық тартқыш режимінде де жүргізуге болады. Chrysler 200 сатылымға шыққан соң, компания Dodge Avenger-ді шығармайтын болады. Осылайша жаңа автокөлік компанияның жалғыз орташа көлемді седены болып қалады.
Chrysler 200 автокөлігінің салоны
2015 жылдан бастап Chrysler Town&Country кроссовер кузовымен жасалып шығатын болады. Осылайша компания портфолиясында Dodge Grand Caravan атты жалғыз минивэн қалады.
2016 жылы Jeep Grand Cherokee-дің жаңартылған нұсқасы нарыққа жол тартады екен. Сонымен қатар Dodge Durango-ның өндірісі тоқтамақ.
Айта кетелік, келесі жылы Chrysler компаниясында Dodge Journey, SRT Journey, 2014 жылы Dodge Challenger, SRT Challenger атты жаңа автокөлік модельдері пайда болады.
суреттер: etoday.ru, blogcdn.com