Техникалық құралдар жасап жүрген ғалымдар ғашық жандарға тосын сый жасады. Оларға арнап катамаран құрастырды. "Chilli Island" деп аталатын су көлігі электр көмегімен жүреді. Көлемі екі жолаушыға арналған көліктің күн мен жаңбырдан қорғайтын панелі, одан бөлек динамикалық қуаты 80 ВТ болатын екі дыбыстық жүйесі бар. Қандай жылдамдықпен жүрсе де, сөреде тұрған бөтелке мен стақандағы су төгілмейді. Бұдан өзге тамақ қоятын тоңазытқыш пен массаж жасайтын креслосы жақсылап демалуға жағдай жасайды.
Инновациялық катамаран 0,5 қуатқа ие электрлі мотордың көмегімен қозғалады. Жаңа су көлігінің жылдамдығы туралы әзірге нақты ақпарат жоқ. Оны пайдаланып көргендер көлікті басқару өте оңай екенін айтты.
Салмағы 200 кг болатын су көлігінің ұзындығы мен ені 2,5 метр. Сатып алушы Chilli Island құрылғысының дизайнын қалауынша өзгерте алады. Ал оның әлемдік нарықтағы бағасы 11 225 АҚШ долларын құрап отыр.