- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- Chance. Қазақстанда жасалған...
Chance. Қазақстанда жасалған
Қазақстанда жақын арада бағасы аса қымбат емес Chance маркалы көліктің шығарылуы басталады. Бұл көлік отандық авто нарығында Daewoo Lanos деген атпен белгілі. Бұл туралы Алматыда өткен пресс-конференцияда AllurAuto компаниялар тобының директоры Андрей Лаврентьев мәлімдеді.
Лаврентьевтің сөзіне сенетін болсақ, Қостанайда орналасқан "Агромашхолдинг" зауыты көлік өндірісін осы жылдың 16 наурызында бастамақ. Осы жылы 3000 дана көліктің шығарылуы жаспарда бар. Лаврентьевтің айтуы бойынша, көліктің шығарылуына байланысты барлық құжаттарға қол қойылып, өндірістік линиядағы барлық жабдықтар орнатылып, мамандар сәйкесінше оқу-машықтанудан өткен. Бұл жобаның асырылуына барлығы 24 миллион доллар көлемінде инвестициялар тартылды.
Айта кететін жайт, қазіргі кезде нарығымызда бұндай көлік бар және де ол Украина елінен тасымалданылады. 2011 жылы осы көліктің 973 данасы сатылды. Бұл көліктерге көлемі 1,5, 1,4, 1,3 л қозғалтқыш орнатылып, темір тұлпарлар механикалық немесе автоматты беріліс қорабымен жабдықталмақ. Көліктің минималды бағасы-8990 АҚШ доллар.
Бұған қоса, 2013 жылдың сәуірінен бастап жаңа Nomad маркалы көліктің өндірісі басталып, жыл сайынғы шығарылатын көліктің саны 25 мыңға жуық болады деген жоспар бар. Осы көліктің шығарылуына ресми рұқсат беретін лицензия SsangYong компаниясынан сатып алынып, келешекте SsangYong-тың қатарына Iveco техникасы қосылмақ.
Жоспарда Қостанайлық зауыт жүк көліктері мен әскери мұқтаждықтарды қанағаттандыратын техниканың шығарылуы да бар. Бұған қоса, 20 орынды жолаушыларды тасымалдайтын автобустардың өндірісі де басталады. 2012 жылы барлығы Iveco маркалы көліктердің 400 данасы шығарылмақ.
Қазақстандық Nomad маркалы көлік
Cуреттер tengrinews.kz сайтынан
Форумда талқылау