Casple Group және Podadera Design компаниялары Еуропаның тар көшелерінде оп-оңай паркинг жасауға арналған көлік жасап шығарды.
Екі орындықты автокөліктің ұзындығы 2,3 метр, бірақ ол паркинг кезінде жинақталып, оның ұзындығы 1,9 метрді құрайды. Түп тұлға электрқозғалтқышпен жабдықталғанмен, көлік платформасы бензинді және гибридті қозғалтқышпен жұмыс жасайды.
Casple-Podadera есікті және есіксіз екі түрлі нұсқада жарық көретін болады. Өзінің шағын өлшеміне қарамастан, көлік қауіпсіздік талаптарына сай етіп жасалған. Сыртқы материалы да ерекше және жеңіл. Көліктің максималды жылдамдығы сағатына 110 шақырымды құрайды. Casple-Podadera аккумуляторының қуаты 130 шақырымды еңсеруге жетеді.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: zhelezaka.com