Canon компаниясының IXUS топтамасы жаңа сандық фотоаппаратпен толықтырылды. Жаңа құрылғының аты - Canon IXUS 220. Стильді камера IXUS премиум классын толықтырып отыр. Әдемі сыртқы келбетіне қоса, алдыңғы қатарлы технологиялар қолданылған. Canon ұсынған HS жүйесі суреттердің әр түрлі жағдайларда керемет болуына, ал 12,1 мегапикселді CMOS матрицасы жоғары жылдамдықта фото түсіруге кепілдік береді. Құрылғының өлшемі ықшам болғандықтан, оны әрқашан бірге алып жүруге болады. Кеңбұрышты обьективтің фокус аралығы 24 мм және 5 еселі оптикалық зум қалыңдығы 19,5 мм корпустың ішінде жинастырылған. Бұл өз классындағы ең жіңішке құрылғы. Видео түсіру тәртібімен Full HD форматында сапалы бейнеклиптерді стереодыбыспен түсіруге болады. Бейне тұрақтандырғыштың арқасында фотолардағы шуыл деңгейі мейлінше төмен болады. Үлкен әрі жоғары сапалы PureColor II G дисплейдің диагоналі 2,7 дюйм. Экранның беті арнайы шынымен қапталғандықтан, оған қосымша беріктілік қасиетін қосады.
Менюдің әрбір пунктіне анықтамалар, атқаратын қызметі жайлы мағлұмат беріледі. Суреттiң динамикалық, оптикалық тұрақтандырғышы қозғалыста пайда болатын камераның дiрiлдеуiн бейтарап қылады. Бейнеклип түсіруге арналған батырманың көмегімен фото және бейне түсiру тәртiптерiн лезде ауыстырып қосуға болады.
Қолдануға оңай
Canon компаниясының арнайы Smart Auto жаңа тәртіп версиясы әдемі суреттер жасауға мүмкіндік береді.
Жоғары жылдамдықты фотокамера
IXUS 220 HS камерасында жылдам түсiру тәртiптерi iске асырылған. Суреттердiң топтамамен жазылуы өте жоғары жылдамдықпен түсіру тәртiбінде - 8, 0 кадр/с iске асады, үздiксiз түсiру тәртiбінде - карта жады толғанға дейiн 12,1 Мп сапасымен 3,4 кадр/с жылдамдықпен түсіріледі. Ырғақпен видеотүсiру тәртiбін спорт iс-шаралары кезінде қолданған дұрыс: бейне 320x240 шешуi бар, секундына 240 кадр жылдамдықпен жазылады. Ырғақпен бейне түсiру тәртiбінде бейнені 120 кадр/с жылдамдықта (640x480) VGA-шешумен жазу және оны ойнату кезінде 1/4 нақтыға сүйену функциялары іске асырылған.
Видеодайджест жаңа тәртiбі - бір күндік оқиғалар хроникаларын жасаудың қызықты әдiсiн ұсынады. IXUS 220 HS камерасы бұл тәртiпте - суреттiң жасалуына төрт секунд уақыт қалғанда бейнежазбаны бастайды. Бір күн бойы видеодайджестте жасаған кішігірім клиптерді кейін бір фильмге біріктіруге болады. Movie Digest тәртібі - суреттің пайда болу тарихын жасауға мүмкіндік береді. Әуесқойлар әр түрлi эффекттермен шығармашылық түсiрудiң алты тәртiптерiн қолдана отырып, тәжiрибе жасай алады.
Негiзгi сипаттамалары
IXUS 220 HS:(12, 1 Мп) HS жүйесі
Суреттiң оптикалық тұрақтандырғышы, 5-еселi зум, 24 мм объектив Металдан жасалған корпус. СК-дисплей (2, 7 дюйм) PureColor II G 6,9 см Суреттiң оптикалық динамикалық тұрақтандырғышы, зуммен Full HD тәртібіндегі видеотүсiру Smart Auto тәртiбі (32 сахна) Топтамамен өте жылдам түсiру және ырғақпен видеотүсiру тәртiбі (Видеодайджест ) Movie Digest функциясы Түсiрудiң шығармашылық тәртiптерi Тұлғаларды ажырату технологиясы: автофокустаудың коррекциясы - ең жақын объекттерге ғана емес, адамдардың беттерінде фокусталуды қамтамасыз етедi . Тұлғаларды ажырату технологиясындағы экспозицияның коррекциясы: тұлғалардың экспозициясын оңтайландырады, кез келген жарықта түсіруге болады. Жарқ етумен түсiру кезіндегі экспозицияның коррекциясы - тұлғалардың айырып тану технологиясы жарқ етумен түсiрудегі, фотосуреттегi тұлғалардың көмескiлiгін және қараюдың пайда болмауына көмегін тигізеді. Үлкен жиындарда, тойларда, клубтарда түсіруге ыңғайлы Күлiмсiреудi айырып тану: батырманың басылуы, камера - кадрдағы езу тартатын тұлғаны айқындағанда жүзеге асады. Бiр түстi тәртiп: бiр түстi эффекттердiң үш түрлерiмен фото жасауға мүмкіндік бередi - түссiз, қызыл-қоңыр немесе көк. Миниатюра эффектiсі: объект ықшам үлгi сияқты көрiну үшiн суреттiң жоғарғы және төменгi немесе сол және оң өлкелерiн бұлыңғыр етеді. Балық көзi эффектісі: (әлсiз, орташа және күштi) бұрмалаудың үш деңгейлерiмен «балық көзі» объективі арқылы жетiлетiн эффектiні қайталайды. Аса бояуы қанық тәртiп: реңдердiң қарқынын қамтамасыз ету үшiн түсiн қанық етіп шығарады.Сурет skirda.net сайтынан