Әлемдегі ең қымбат әрі ең жылдам көліктерімен танымал «Bugatti» компаниясы тұтынушыларын тағы бір жаңалығымен қуантып отыр. Француз компаниясы осыған дейін авокөліктен бөлек катер жасап шығарса, бұл жолы «PG Bugatti» велосипедін таныстырды.
«Bugatti» компаниясы жасап шығарған велосипед саны шектеулі болмақ. Барлығы 667 данасын шығаруды жоспарлап отыр екен. Велосипед ерекше дизайнымен де көздің жауын алады.
Велосипедтің салмағы 5 кг-нан аз болады. Бұл дегеніміз, «PG Bugatti Bike» әлемдегі ең жеңіл велосипедтердің бірі болады деген сөз. Бірақ велосипедті адам көп жүретін орындарда міну қолайсыздық тудыратын көрінеді. Себебі «PG Bugatti Bike»-тің жылдамдығы жоғары. Әп-сәтте тежеу оңай емес.
«PG Bugatti Bike»-тің түсі де сан түрлі болмақ. Компания сатып алушылар тілегіне орай кез келген түсте жасап бермек. Құны 39 000 АҚШ долларына бағаланып отыр екен.