Boeing компаниясы ерекше бағдарламамен және иесінің барлық ақпараттарын қауіпсіз түрде сақтай алатын аппараттық құралдармен жабдықталған әрі модульді дизайнға ие Boeing Black атты Android-смартфонын таныстырды.
Ондағы қауіпсіздік қызметі өзінің жадындағы мәліметтерді шифрлай алатын, смартфонды сыртқы шабуылдардан қорғай алатын операциондық жүйемен, аппараттық сенім қызметімен (roots of trust) және мәліметтерді қауіпсіз жүктеу жүйесімен (secure boot) жабдықталған. Сондай-ақ смартфон бөтен адам оның корпусын аша бастағанын біліп қойса, иесі жөніндегі барлық ақпаратты бір мезетте жойып жібере алатын қасиетке ие.
Модульді дизайнының арқасында оның артқы қақпағын алып, әртүрлі модульдер (сыйымдылығы үлкен батарея, жер серіктік трансивер және тағы да басқалары) орнатуға болады.
Ал техникалық мінездемелеріне келер болсақ, тұтқа өлшемі 4,3 дюймды сапасы qHD дисплейге, жиілігі 1,2 ГГц болатын екі ядролы ARM Cortex-A9 процессорына, microSD картасына арналған тетікке ие. Сондай-ақ екі бірдей SIM-картаны қатар қолдап, Bluetooth v2.1 + EDR сымсыз технологияларымен жабдықталған. Аккумулятор сыйымдылығы 1590 мА/сағ құрайды. Алайда телефонның Android операциондық жүйесінің нақты қай нұсқасымен жұмыс жасайтыны белгісіз.
Boeing Black аппаратының қашан сатылымға шығатыны және оның бағасы әзірге белгісіз болып отыр. Алайда оның қасиеттеріне қарап, смартфонның арзан болмайтынын болжауға болады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Сурет: geeky-gadgets.com