BlackBerry Z10 смартфонына арналған аккумуляторы бар қап

PowerSkin компаниясы BlackBerry Z10 смартфондарына арнап тұңғыш рет қосымша қуат көзі, яғни аккумуляторы бар қорғаныс қабын жасап шығарды. Силиконнан жасалған аксессуар смартфонды зақымданудан сақтаса, сыйымдылығы 1500 мА/сағ болатын аккумулятор BlackBerry Z10 смартфонының автономды уақытын 70%-ға дейін ұзартады. 

Қорғаныс қабының өлешмдері - 73х20х136 мм болса, салмағы 86 грамм. Осылайша, BlackBerry Z 10 иесі кішкене өлшемі мен салмағы бар жаңа қаптың есебінен өз смартфонының қуатын екі есеге дейін ұлғайтуға мүмкіндік алады. 

Қорғаныс қабында қосу/өшіру батырмалары, сондай-ақ қуаттың деңгейін көрсететін индикатор бар. Ол смартфон байланысына ешқандай кедергі келтірмейді. BlackBerry Z10 смартфонына арналған қорғаныс қабы қара түсті нұсқада шығарылған. Дүкендердегі бағасы 80 доллар төңірегінде. 

 

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: compulenta.ru