BMW компаниясы салауатты өмір салтын ұстанатын яки велосипедшілерге арналған Active Tourer Outdoor хэтчбегінің концептісін ұсынды.
Жаңа көлік компанияның 2012 жылы Парижде өткен автосалонда көрсеткен концептуалдық автокөлігінің арнайы нұсқасы болып саналады. Алайда BMW Active Tourer Outdoor онымен салыстырғанда 1 мм-ге ұзынырақ және 16 мм-ге биік болып шықты. Сонымен концептінің габариттік өлшемдері: 4350 мм х 1833 мм х 1576 мм құрады.
Автокөлік арнайы Gold Race Orange қызғылт сары түсімен көмкерілсе де, көлік сырттай қарағанда түпнұсқалық концептісінен ерекшеленбейді. Десек те интерьерінде көптеген ерекшеліктер орын алған. BMW Active Tourer Outdoor моделінің басты артықшылығы болып онда орналасқан велосипедтерге арналған бекіткіштерді айтсақ болады.
Компанияда хабарлағандай, мұндай шешім велосипедтерді таза күйде, сондай-ақ оларды бүліну мен бөтен біреулердің ұрлап кетуінен сақтауға үлкен септігін тигізбек. Қажет болған жағдайда, құрылғы еден астына жасырынып, соның арқасында хэтбек интерьері стандартты күйге енеді. Одан бөлек, BMW Active Tourer Outdoor салоны оңай жуылатын арнайы берік материалдардан жасалған.
Концептуалдық автокөлікті қозғалысқа 1,5-литрлі бензинді мотор мен қуаты 190 ат күшіне тең электроқозғалтқышты біріктіретін гибридті күштік қондығысы келтіреді. Тек электр күшімен көлік 30 шақырымды еңсере алса, ал біріктірілген режимде ол 100 шақырым жолға 2,5 литр жанармай шығындайды. Әзірге көліктің басқа мінездемелері хабарланған жоқ.
Одан бөлек BMW Active Tourer Outdoor Eco Pro режиміне ие болды. Ол бойынша көліктегі салқындатқыш қуаты мен басқа да құрылғылардың электрді тұтынуы минималдық деңгейге дейін азаяды. Сондай-ақ автокөлік жүргізушіге тығындарды көрсете отырып, оған оптималды маршрут пен жүріс стилін де таңдап бере алады.
BMW Active Tourer Outdoor көлігінің сериялық шығарылымы қашан орын алатыны әзірге белгісіз күйде қалып отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: auto.mail.ru