Франкфурттегі моторшоуда BMW компаниясы сериялық түрде шығатын электрлік i8 суперкарын таныстырды. «Лазер» шамдарымен жабдықталған көлік алғашқы 100 шақырымды 4,4 секунд ішінде бағындыра алады екен.
BMW i8-дің габариттік ұзындығы – 4689 миллиметр, ені – 1942 миллиметр болса, биіктігі – 1293 миллиметрді құрайды, ал дөңгелек базасы 2800 милиметрге тең. Спорткар алюминий шассиге құрастырылған, сонымен қатар, карбон монококқа ие және кузов панельдері арматура қосылған көмірталшық пластигінен жасалыпты. Модельдің салмағы – 1490 келі, ал осьтерге түсетін салмақ – 50:50. Аэродинамикалық кедергі коэффициенті – 0,26.
362 аттың күшімен тең келетін күш беретін гибридті қондырғы құрамына 1,5 литрлік, үш цилиндрлі, күші 231 ат күшіне тең бензинді турбоқозғалтқыш кіреді.
Жалпы i8 спорткарының жол жүру қоры 500 шақырымға жетеді. Батареяны зарядтауға 1,5 сағат қажет екен.
Көліктің күш беретін қондырғысы үш режимде жұмыс істей алады: Eco Pro, Comfort және Sport. Олар көліктің үнемді болуына және көліктің максималды жұмыс істеуі үшін барлық компоненттерді оңтайландыруына мүмкіндік береді.
Спорткардың «лазер» шамдары опция ретінде ұсынылатын болды. Компания өкілдерінің айтуынша, олар жарықдиодтық шамдардан 70 пайызға қуатты келіп, көзге ұнамды жарық береді екен.
Аталған модель сатылымы 2014 жылдан басталады.
Дайындаған: Ерғали Елдос
Сурет: motor.ru