- Негізгі бет
- Жаңалықтар
- BMW өзінің «сегізінші...
BMW өзінің «сегізінші сериясын» жаңартпақ
BMW компаниясы өзінің М спорткарының жаңа дәуірін бастауды жоспарлап отыр. Ол М8 деп аталмақ. Болжам бойынша, М8 нарық саудасынан 2016 жылға қарай шығады.
М8 сегіз цилиндрлі турбоқозғалтқышпен жабдықталмақ. Көлік күші 600 атқа тең болады.
М8 құрастыруда алюминий, магний, титан және пластик сияқты материалдар қолданылмақ. Көлік салмағы шамамен 1250 кг болса, максималды жылдамдығы - сағатына 330 шақырымды құрайды екен.
BMW М8 көлігінің бағасы да белгілі. Ол болашақта 250 мың еуро тұратын болады.
Айта кететін жәйт, алдағы уақытта жарық көретін BMW М8 көлік нарығындағы бәсекелестікті одан әрі күшейтіп жібермек. Себебі дәл осындай типтегі көлік модельдерін шығаруды басқа да алпауыт көлік компаниялары жоспарлап отырған еді. Бірақ олардың жоспарындағы көліктер нарыққа 2019-2020 жылдарға қарай шығады. Осы орайда BMW бәсекелестерінің алдын орап кеткен сияқты. Осы жағдайларды ескерсек, көлік нарығының жарысы енді қыза түсетіндей...
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: lesterhein.com
Б. Қосмағамбет