Әйгілі жетіліктің жаңа нұсқасы 130 кг-ға «арықтаған». Қысқабазалы нұсқасының габаритті ұзындығы – 5098 мм, ені – 1902 мм, биіктігі – 1478 мм, ал дөңгелек базасының көлемі – 3070 мм.
Ұзарған нұсқа соңғысынан 139 мм-ге үлкенірек. Ортада және артта орналасқан діңгек пен ортаңғы туннелі композитті материалдан және есік пен төбесі алюминийден жасалғандықтан салмағы бұрынғы үлгіден 130 кг-ға жеңілірек.
Жаңа жетілік алтыцилиндрлік су жаңа буын моторы мен модификацияланған V8-ді иеленді. Бұл жетіліктің 265 күш айналымына дейін жеткізетін 3 литр дизель моторлы 730d нұсқасы қолжетімді болып саналады. Одан бір саты жоғары 326 күш айналымына дейін жеткізетін 3 литр бензинді 740i нұсқасы орналасқан. Ал ең жоғары сатысында 4,4 литрлік 450 күш айналымына дейін баратын 750і нұсқасы тұр.
Сонымен қатар ол 95 күшті электрмоторы мен 2 литр төрттіктің гибрид модификациясына ие болды. Бұл жұп бірге 326 күш айналымына жеткізеді. Өндірушілер отын шығысы орта есеппен 100 км-ға 2,1 литр деп мәлімдеп отыр.
Техникалық жаңалығының бірі – қашықтан көлікті тұраққа қою. Бұл қызметтің көмегімен автоның ішінде емес, одан қашықта тұрып, тұраққа тұруға бұйрық беруге болады.
Жетілік iDrive атты жаңа мультимедиялы кешенді құрылғыға ие. Бұл құрылғының басты ерекшелігі - адамның қолы мен саусақтарын қашықтан байқап, қызмет көрсетеді.
Ол сенсорлы дисплейі мен артқы орынның шынтақ қойғышына ендірілген 7 дюймді планшетінің арқасында көліктегі кез келген адамға қол жетімді. Сондай-ақ жаңа құрылғыларының біріне Bowers and Wilkins аудиожүйесі, панорамды шыны төбе мен проекциялы дисплей жатады.
Көліктің сыртқы бейнесімен толығырақ танысу үшін төмендегі бейнебаянға назар салыңыз: