BMW жаңа велосипед шығарды

BMW компаниясы электрлі Cruise велосипедінің жаңа үлгісін жасап шығарды. 

Құрылым 19 келі салмақты құраса, барынша жылдамдығы 25 шақ/сағ. жетеді, қуат көзі 85 шақырымға емін-еркін жүріп-тұруға мұрсат бермек.

Аккумулятор қаңқа тіреудің төменгі бөлігінде орналасқан, ал 250-ватты Bosch моторы тепкіден төмен жайғасқан. Мұнысы өз кезегінде біртұтас салмақты барынша төмендетіп, орнықтылықты жоғарылататын көрінеді. 

Қозғалтқышы төрт режимді күштілікке ие, тежегіші - дискілі. Рөліндегі алынбалы компьютер жылдамдықты, қуат көзін, жүрген жолды, және өзге де маңызды мәселелерді көрсетуге арналған. 

Мыңға жуық шектеулі данасы неміс жерінде шығарылып көрмек. 


Дайындаған: Әкежан Дәкен

Сурет: broadsheet.ie