BMW индикаторлы рөл ұсынды

BMW компаниясы жүргізушіге көлік қозғалысы кезінде көбірек ақпарат беру үшін индикаторлы рөл жасап шығарды. Индикатор жол қозғалысына ешқандай кедергі келтірмейді. Яғни жүргізуші емін-еркін көлігін айдай берсе болады. 

Рөл аса бағалы материалмен жабдықталған. Сондай-ақ рөл ортасында шағын OLED-дисплей орналасқан. Ал екі жағында жарықдиодты индикатор бар. Жүйе үш түрлі режимде жұмыс жасай алады екен: EfficientDynamics, Sport және Race. Байқағанымыздай, олар көлік жылдамдығы мен жол түріне байланысты. 

Рөлдегі индикатор жүргізушіге көліктің жанармай шығынын, жылдамдығын, май температурасын және тағы да басқа көрсеткіштерін көрсетеді. Қазіргі таңда мұндай индикаторлы рөлдің нарықтағы бағасы 1,7 мың АҚШ долларын құрап отыр.   

writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/UFLvCsHBjBI","width":"425","height":"350"});

Дайындаған: Болат Қосмағамбет

сурет: zhelezyaka.ru