Таңғажайып автокөлік Оңтүстік Қытайда орналасқан Гуандун қаласындағы "China International Furniture Fair" фестивалінде таныстырылды. Қытайлық тюнинг компаниясы мен Су Чжунян есімді дизайнерлер бірігіп екі адамға арналған BMW Z4 көлігін қанатты айдаһарға айналдырды.
Автокөліктің дөңгелегі мен басқа да бөліктері алтынмен қапталған. Артынша автокөліктің алдыңғы бөлігін аузы, екі есігін қанаты етіп айдаһардың бейнесін келтірген. Есіктерін қанатқа ұқсату мақсатымен жоғары қарай ашылатындай етіп жасаған. Автөкөлік атына заты сай болып «Қанатты айдаһар» деген атау алды.
BMW Z4 көлігіндегі айдаһарды жасау үшін арнайы материалдар пайдаланылған. Мұнымен қатар, ол материалдар көліктің сыртынан ғана емес, ішінен де орын алған. Айдаһардың сұлбасын жасап қоюды азырқанған дизайнерлер оның әрбір бөлігіне майда айдаһарлардың суретін қолмен ойып салған.
Ерекше автокөлікке фестивальге келушілердің барлығы да таңғалды. Кейбіреулері оны талғамсыз жасалған деп сөгіп жатты. Шындығында да, күнделікті тұрмыста пайдаланғанша, көрмеде экспонат ретінде тұра бергені ойға қонымды. Көпшіліктің пікірінше, оның ешбір көлікке ұқсамайтын дизайні мойындауға тұрарлық.
Дайындаған: Қарлыға Бүйенбай
Сурет: minval.az