BMW, Mobileye және Intel 2021 жылы өздігінен жүретін көлік шығарады

BMW, Mobileye және Intel 2021 жылы өздігінен жүретін көлік шығарады
Фото: tengrinews.kz

Неміс автоөндірушісі BMW америкалық Intel Corp корпорациясымен және жүргізушілерге арналған видеожүйелерді құрастыратын Mobileye компаниясымен бірігіп, жүргізушісі болмайтын көлік шығарады, − деп хабарлайды Autonews.ru.

Компания өкілдерінің айтуынша, жаңа технологияны бірнеше автоөндіруші қолдана алатын болады. Сөйтіп, компаниядағылар модернизацияланған автомобильдердің 2021 жылы шыға бастайтынын айтып отыр. BMW басшысы Харальд Крюгер бұл альянсқа нақты қандай автоөндірушілердің қосылатынын айту жайлы әзірше ерте екенін мәлімдеді.

Дереккөздің мәліметінше, Харальд Крюгер мамырда автоөндірушінің 2021 жылы iNext моделін таныстырады деп хабарлаған. Бұл Илон Масктың Tesla Motors электрмобилінің бәсекелесі делінеді. Крюгердің айтуынша, iNext өздігенен жүреді және оның электр трансмиссиясының жаңа нұсқасы болады.

Дереккөз: tengrinews.kz

Н. Нұрмаханұлы