Audi компаниясы А8 седанының рестайлингтік нұсқасының алғашқы ресми суреттерін жариялады. Жаңа көліктегі басты өзгерістер: қозғалтқыш күшінің арту мен алдыңғы фаралардың қарапайымнан матрицалыққа өзгеруі.
Сонымен егер бұрын 3,0 көлемді бензинді мотор 290 ат күшін, ал 4,0 литрлісі 120 ат күшін бере алса, қазір олардың қуаты сәйкесінше 310 және 435 ат күші болып өзгеріп отыр. Аталған өзгеріс дизельді агрегаттарды да айналып өткен жоқ: бұрын ол 250 және 350 болса (3,0 және 4,0 литрлі мотор), қазір олар 258 және 385 ат күші болып өзгерген.
Енді көліктің фараларына келсек. Олар енді жаңарған А8 моделінде тек қана жарықдиодты емес, сонымен бірге матицалық та. Әр фарада бестен бір топқа біріккен 25 жарықдиод орналасқан. Әр жарықдиодты топ линзалы рефлекторға ие және арнайы камера мен «ақылды» компьютер арқылы басқаларына тәуелсіз түрде басқарылады.
Осының арқасында машина жолдағы басқа да автокөліктерді танып және өзінің жарығын басқара алады. Одан бөлек А8 моделі жаяу жүргіншілерді де тауып, тіпті оларға жарық арқылы белгі бере алады екен. Сондай-ақ көліктің жол белгілерін жарықтандыратын қабілеті бар.
Ал енді навигациялық жүйесіндегі өзгерістерге келсек, автокөлік ендігі жерде оның көмегімен жолдағы бұрылыстарды алдын-ала біліп, соған сай оны жарықтандырады.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: auto.mail.ru